3066

Елорда жастары Jastar jalyny Camp 2019 лагерінде әлеуметтік жобалар мен идеяларын таныстырды

Нұр-Сұлтанда қаланың әр саладағы белсенді қыз-жігіттеріне арналған «Jastar jalyny-2019» лагері өтті. Үш күнге созылған шараға қатысушылардың көбі – әлеуметтік жобамен ерікті түрде айналысып жүрген жас еріктілер, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жастар өздерінің әлеуметтік жобалары мен идеяларын ұсынды. Сонымен қатар, актриса Альмира Тұрсын, спортшы Мөлдір Мекенбаева, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Тілектес Адамбековтер жастармен өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

«Жастар жылы аясында елордада ауқымды шаралар өтуде. «Jastar jalyny 2019» лагеріне 100-ге жуық адам қатысып отыр. Олар өздерінің жобаларын ұсынып, біз үздіктерін таңдап алдық. Мұнда олар жаңа мүмкіндіктер ашып, қызықты адамдармен таныса алады. Біз болашақта да біріге жүзеге асыру үшін жастардан шығармашылық идеялар күтеміз», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді.

Оның айтуынша, «Астана жастары» мыңнан астам белсендінің басын қосып отыр. Олардың қатары әлі де көбейеді. Ол сондай-ақ, волонтерліктің үлкен мектеп екенін, қазір осы бизнеспен айналысатын балаларға арналған әлеуметтік пакет әзірленіп жатқандығын айтты.

«Жалпы, волонтерлік дегеніміз – үлкен мектеп. Соның арқасында біреуі – мемлекеттік қызметте, біреуі кәсіпкерлікте өз жолдарын тауып жатады. Алдағы «Волонтер жылының» аясында біз осы саладағы азаматтарды одан әрі ынталандырып, олардың санын арттырғымыз келеді», – деді Талғат Рахманберді.

«Астана жастары» мекемесінің жетекшісі Шыңғыс Тілеулиннің айтуынша, мұндай шаралар жастарға өз идеялары мен ұсыныстарымен бөлісуге мүмкіндік береді. Мәселен, Астана медициналық университетінің студенттері қан донорларының санын көбейтуге бағытталған мобильді қосымша ұсынып отыр.

«Біз тікелей донорларды, реципиенттерді және медициналық ұйымдарды қамтамыз етеміз. Тұрақты донорлар ұпай жинап, талондар береді. Олардың көмегімен тамақтану орындарында жеңілдікпен ас ішуге болады. Мотивациялық ынталандыру жүйесінің принципі қолданылады»,- деп түсіндірді жобаны жасаушылардың бірі, төртінші курс студенті Рузи Шихов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109