3007

Елордада «Jas sarbaz – Jastar jylynda» жобасы басталады

25 қыркүйек күні ҚР Қарулы күштері ұлттық әскери патриоттық орталығында Жастар жылына орай «Jas sarbaz – Jastar jylynda» атты ауқымды жобаның ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жоба «Жас Сарбаз» ЖӘПҚ РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» КММ және Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері департаментінің қолдауымен ұйымдастырылып жатыр. 

Шара барысында жоба таныстырылып, Жас сарбаз қатарына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтеді. Ал, жиынның соңы концерттік бағдарламамен жалғасады.

Шараға ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Парламенті депутаттары мен жастар ұйымы өкілдері, олимпиада және эстрада жұлдыздары қатысады деп жоспарланып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109