4165

"Құрылысы бес жылға созылған тұрғын үй кешенін келесі жылы пайдалануға береміз" - құрылысшы

Таңғы және кешкі аралау барысында елорда әкімі А. Көлгінов проблемалық тұрғын үй кешендерін аралады. "Ақерке-2" ТК-де есіктерді, терезелерді орнату, қабырғаларды қалау және үйдің шатырын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Барлық үлескерлер саны 168 адам. Нысан 2014 жылы проблемалық деп танылды. Құрылысты 2020 жылдың екінші жартыжылдығында аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, А. Көлгінов аталған ТК көршілерінің сұрақтарын тыңдады. Тұрғындар ауланы абаттандыруды өтінді.

"Бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілер жолы жоқ. Қасымызда мектеп орналасқан, оқушылар жүгіреді. Аула болғанын қаламаймыз, балаларымыз үй ауласында ойнап жүрсе, біз де олардың қауіпсіздігі үшін уайымдамаймыз", - деді үй тұрғындары.

Бұл мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ кешкі аралау кезінде А. Көлгінов "Алтын Раид"ТК тұрғындарымен кездесті. Құрылыс 2005 жылы басталды, алғашқы тұрғындар үй пайдалануға берілгенге дейін алты жыл бұрын пәтерге кірді. Қазір үйді мекен – жайға тіркеу, пайдалануға беру бойынша рұқсат беру құжаттары әзірленуде-жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өту сатысында. Үй қасбеті мәселесі өзекті, қандай схема бойынша жұмыс жүргізілетінін шешу үшін тұрғындар бір пікірге келу қажет.

Қалада барлығы 51 проблемалық объект (76 үй) бар. Ағымдағы жылдың соңына дейін 10 ТК пайдалануға беріледі. Ұзақ құрылыс жұмыстарының барысын Nur Otan және мәслихат депутаттары бақылайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109