3432

Елордалық әкімдік ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыбын қалыптастыруға қатысуға шақырды

Астанада 2020 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен ҮЕҰ қызметін үйлестіру тақырыптарын талқылау бойынша кездесу өтті.

Бүгін күнде елордада 4 мыңға жуық қоғамдық бірлестік тіркелген.

«Қаладағы үкіметтік емес ұйымдар барлық салаларда ұсынылған. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында қоғамдық келісімді нығайтуға ерекше назар аударды. Оның айтуынша, белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажет. Сондықтан Қ. Тоқаев жақын арада 2025 жылға дейінгі азаматтық қоғамды дамыту Тұжырымдамасын әзірлеп, қабылдауды тапсырды», - деді кездесуде Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді.

Кездесуде әкімдік пен ҮЕҰ бірлескен қызметінің басты бағыты әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу болып қалатыны атап өтілді. Бұл ретте ынтымақтастықтың негізгі нысаны мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қоғам үшін маңызды жобаларды іске асыру болып табылады. Олардың тізімі мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттарын, халықаралық тәжірибені, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардан тікелей түсетін ұсыныстарды ескере отырып қалыптастырылады.

«Жыл сайын біз әлеуметтік маңызды жобалардың санын және Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру көлемін ұлғайтатын боламыз. Өткен жылдармен салыстырғанда 2019 жылы үкіметтік емес ұйымдарға арналған жобаларды қаржыландыру сомасы екі есеге артты. Биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың 39 жобасы жүзеге асырылуда», - деп атап өтті басқарма басшысы.

39 жобаның 24 Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері жөніндегі басқармасы, 3 Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы, 1  қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және 11 жоба Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын жобалардың мониторингі қалай жүзеге асырылатыны туралы «Камеда» қоғамдық қорының атқарушы директоры Махаббат Еспенова айтып өтті.

 «Біз мемлекеттік сатып алу порталына қандай конкурстар жарияланатыны, өткізілгені немесе өткізілмегені, тендерді жеңіп алғандары туралы мониторинг жүргіземіз. Сондай-ақ, іс-шараларға қатысып, олардың мәлімделген тақырыпқа сәйкестігіне назар аударамыз, олар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарына жауап бере ме? Сондай-ақ сарапшыларға сауалнама, «Құпия сатып алушы» әдістемесі, кабинеттік мониторинг жүргізіледі, біз БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жобаны жүзеге асыру туралы ақпаратты қарастырамыз. Бұл мониторинг үшін жасалатын мониторинг емес, жұмыстың пайдалылығын, ынтымақтастыққа бағдарлануын және барлық мүдделі тараптардың тартылуын анықтау үшін бағалау екенін атап өткім келеді. Мониторингтің мақсаты - мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін жақсарту, нәтижесінде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, кездесуде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін ҮЕҰ кездесетін проблемалар аталды. Бұл аванстық төлемдердің, есептілікті тапсыру бойынша нақты талаптардың болмауы және т.б.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109