6758

Қазақ тілін оқыту әдістемесі Нұр-Сұлтандағы ғылыми конференияда талқыланады

Отандық белгілі тіл мамандары қазақ тілін оқытудың қордаланған мәселелерін 30 қыркүйекте өтетін «Qazaq tilin oqytý ádistemesi: tájirıbesi, búgingi ózektimáseleleri jáne bolashaǵy» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында талқылайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ХХІ қалалық тіл фестивалінің аясында ұйымдастырып отыр. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндағы мақсат - қазақ тілін оқытудың педагогикалық-әдістемелік мәселелерін ғылыми-теориялық негізде пайымдау;  қазақ тілін оқытуда озық инновациялық технологияларды қолдану; қазақ тілінің функционалдық аясын кеңейту жолдарын айқындау; қазақ тілін меңгерту арқылы ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді терең таныстыру, азаматтар бойында патриоттық сезімін күшейту.

Конференцияға отандық филолог ғалымдар, қалалық басқарма мамандары, зиялы қауым өкілдері, оқулық авторлары, мектеп, кәсіптік-техникалық білім беру және жоғары оқу орындарының және өңірлердегі жекеменшік оқу орталықтарының оқытушылары қатысады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109