6833

30 қыркүйекте елордада бизнес қауымдастықтың алдында бірыңғай есеп беру күні өтеді

Мемлекет басшысының бұйрығымен 30 қыркүйек бақылау және қадағалау  органдарының бүкіл республика бойынша бизнес-қауымдастық алдында бірыңғай есеп беру күні болып жарияланған болатын.

Биыл алғаш рет өткелі отырған шара дәстүрлі болмақ. 

Шара барысында аумақтық мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары тексерулер кезінде жиі кездесетін құқықбұзушылықтар туралы, олардың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиісті саласындағы заңнамаға енгізілген міндетті талаптар мен өзгерістер туралы айтып береді.

Ақпарат ұсынатын мемлекеттік органдар қатарында Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, қаржы, әділет, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ақпарат және әлеуметтік даму, энергетика, ұлттық экономика, сауда және интеграция, экология, геология және табиғи ресурстар, өнеркәсіп пен инфрақұрылымды дамыту, цифрлық даму, инновациялар және Аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері бар.

Бірыңғай есеп беру күні 30 қыркүйек сағат 11.00 Кәсіпкерлер палатасында өтетін болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109