6564

«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына бір айда 2 мыңнан аса адам көмекке жүгінді

Осыдан бір ай бұрын құрылған Нұр-Сұлтан қаласы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының жұмысы  жанданып, нақты нәтижелер көрсетуде.

Бір ай ішінде орталыққа 2419 адам 3677 сұрақ бойынша жүгінген.  Мұның көбі атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй, несиелік борышты жабу, бизнес ашу, құқықтық көмек сияқты түйінді мәселелер болды. 2937 сұрақ бойынша жүйелі кеңестер берілген. 741 сұраққа қатысты мәселені шешу бойынша шаралар қабылданған.

«Орталыққа келушілердің ішінде 741 сұраққа қатысты мәселені шешу бойынша шаралар қабылданды. Оның ішінде 156 адамның атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттар қабылданды. Тұрғын үй мәселелері (кезекті анықтау - 65, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде шот ашу - 32, қоныс аудару («Нұрлы Ертіс» - 4, СҚО-4) бойынша 105 тұрғынға көмек көрсетілсе, 68 - білім беру (мектепке жол -3, жаппай оқыту -12, бала-бақшаға кезекке қою -35, кезекті анықтау -18) саласы бойынша, 30 – денсаулық саласы бойынша нақты көмек алды. 61 азамат  жұмысқа орналастырылды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының үйлестірушісі Әйгерім Тәңірбергенова.

«Бір терезе» қағидасы бойынша 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсететін «Жанұя» орталығы алаңында әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау саласы мекемелері, үкіметтік емес ұйымдар кәсіби психологтар және тағы басқалар белсенді іс-шаралар өткізіп келеді. Барлығы 1932 адамды қамтыған 68 шара өткізілді.

Айталық, Отбасы күні қарсаңында әйелдер істері және отбасы-демографиялық комиссиясының хатшысы, қалалық басқармалармен бірлесе отырып, Нұр-Сұлтан қаласы түлектеріне жоғарғы оқу орындарына оқу гранттарын табыстау, «Отбасы құндылықтары. Гендерлік мәдениетті қалыптастыру» үздік билборд эскизі конкурсының жеңімпаздарын марапаттау және кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналары үшін 14 семинар-тренингтер ұйымдастырылды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109