1121

Нұр-Сұлтанда «STOP туберкулез» кең ауқымды акция өтеді

Нұр-Сұлтанда 23-ші қыркүйектен бастап  23-ші қазанға дейін «STOP туберкулез!»  атты ауқымды қалалық акциясын өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Акция Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің қолдауымен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өтеді.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарына туберкулезді анықтау және алдын алу мәселелерін арттыру бойынша білім деңгейін және жеке өмірлік ұстанымдарына қатысты әрбір адамның өз денсаулығына белсенділігін қалыптастыруға шақырады.

Сондай-ақ акция аясында сауда орталықтарында, қала базарларында, әртүрлі тұрғын аудандарда елорда тұрғындары мен қонақтары тегін жылжымалы флюорографтан флюорографиялық тексеруден өтіп, туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша ақпарат ала алады.

Бұған қоса, жұмыс күндері барлық қалалық емханаларында «Ашық есік күндері» өткізіледі және туберкулез сұрақтары бойынша кеңес алып, флюорографиялық тексеруден өтуге мүмкіндік болады.  Фтизиатр дәрігерлер жүкті әйелдерді туберкулездің алдын алуы, жаңа туған нәрестелерге туберкулезге қарсы вакцинацияны өткізу туралы  ағаттандыру әңгімесін жүргізуге шақырады.

Білім беру  мекемелерінде туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша сынып сағаттары, ата-аналармен кездесулер өткізіліп, Нұр-Сұлтан қаласының полиция Департаментінің қолдауымен, тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарға флюорографиялық тексеруден өткізу ұйымдастырылады.

«СТОП туберкулез!» акциясы  елорданың қолайлы эпидемиологиялық жағдайын құру бойынша іс-шараларды  жандандырады және күшейтеді, халықтың туберкулез туралы хабардарлығын арттырады, дейді ұйымдастырушылар.

Астаналықтар емханалардағы ашық есік күндері мен сауда орталықтарында, қала базарларында, әртүрлі тұрғын аудандарда флюорографиялық тексерулерді өткізу кестесін https://uoz.astana.kz ресми сайтынан біле алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109