2722

Қала тұрғындарының қолайлы тұрмысы үшін шаралар қабылдануда - А.Көлгінов

Қалалық әкімдікте қала аудандарының өзгерісі, жүргізіліп жатқан жұмыс барысы және алдағы жоспаралары талқыланды.

Осы жазда "Байқоңыр" ауданына қарасты 30 ауланың ішінде ойын алаңдары, көше тренажерлері, футбол алаңдары орнатылды. Хоккей-футбол корты мен балалар алаңы демеушілік қаражат есебінен Ақбидай (д15) көшесінде орналасқан "Өндіріс" елді-мекенінің ауласында орнатылады. Көшелерде 4 мыңнан астам шам орнатылды, заманауи энергия үнемдейтін 400 шам қойылды. Босаған шамдар "Өндіріс"  елді-мекенінде орнатылды.

"Есіл" ауданы аулаларының 85% қанағаттанарлық жағдайда. Тротуарлар мен скверлерді жайластыру, мүсін құрылыстарын жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді. 38 үйдің ауласы жарықпен қамтылды. Демонтаждалған шамдар "Восточная Ильинка" елді-мекенінің жарықпен қамтылмаған көшелеріне орнатты.

"Алматы" ауданы аулаларының тек 10 % ретке келтіру қажет. Ағымдағы жылы 42 аулада жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Ақбұлақ өзенінің жағасында, Студенттер, Жерұйық және Президент саябақтарында, Б. Момышұлы және А. Пушкин атындағы скверлерде, Абылай хан даңғылындағы бульварда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, көше жиһаздары жөнделді. Жыл басынан бері 10 субұрқақ кешені іске қосылды. Ағымдағы жылы ауданның барлық аулаларын жарықпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Сарыарқа ауданында тұрғындардың ыңғайлылығы үшін 40 аула абаттандырылды, жарықпен 370 үйдің ауласы қамтылды, кіреберіс жолдарға асфальт төселді.

Қала әкімі А. Көлгінов қыс мезгілінде құжаттарды дайындап, конкурстық жұмыстарды жүргізу, ал көктем мезгілінде аумақтарды абаттандыруға кірісу қажеттігін атап өтті. Келесі жылы 200-ден астам аула абаттандырылып, спорт алаңдары орнатылатын болады. Сонымен қатар 130 км веложол төселіп, жарықдиодты шамдарды энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру, кемінде 20 көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің ТКШ жаңғырту, саябақтар мен скверлерді ашу, әлеуметтік нысандар мен тротуарларға және т. б. кіреберістерге асфальт төсеу жұмыстары жоспарлануда.

"Жұмысымыздың бәрі қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін атқарылады Біз елорданың барлық аудандарын кезең-кезеңімен аралап, тұрғындармен кездесіп, айтылған барлық мәселелерді шешеміз. Әлеуметтік нысандардың айналасындағы кедергілерді жою және үй маңындағы аумақтарды жайластыру қажет. Барлық білім беру мекемелері орналасқан көшелерді жарықпен қамту маңызды. Суық басталғанға дейін жылы аялдамаларды орнату қажет. Көктем мезгілінде ағаш отырғызуға дайын болуымыз керек. "Нұржол" бульварында, "Нұр Астана" мешітінің қасында егілген ағаштар жақсы орнығып, ыстық күндері қала тұрғындары көлеңкеде паналайтын орынға айналды. Бұл тәжірибені жалғастыру керек", - деді А. Көлгінов.

Қала әкімінің айтуынша, аулаларды абаттандыру, Аумақтарды жөндеу кезінде"қарапайым заттар экономикасы" қағидасын басшылыққа алу қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109