8737

Елордада әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қандай әлеуметтік қолдау көрсетіледі

2019 жылы елордада әлеуметтік қолдаудың жан-жақты шараларымен 159 мың адамды қамту жоспарлануда, оның ішінде            14 929 көпбалалы және 41 184 аз қамтылған отбасы бар, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Осылайша, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жыл басынан бері 7029 отбасына, яғни 42 174 адамға берілді, оның ішінде 3 613 көп балалы отбасы, бұл 22 427 адамды құрайды. Төлемдердің жалпы сомасы 2 млрд. теңге.

Сондай-ақ, қолдаудың тағы бір тиімді бағыты - жалпыға бірдей білім беру қоры арқылы «Мектепке жол» науқаны аясында әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.

Жалпыға міндетті оқу бағдарламасының арқасында оқушыларға мектеп формасын алуға әрқайсысы 30 мың теңгеден 12,8 мың сертификат берілді. Берілген сертификаттардың жалпы сомасы 384 млн. теңгені құрады.

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында демеушілік қаражат есебінен 77 млн. теңгеден астам сомаға 6 042 бала қамтылды.

Мемлекет тарапынан мұқтаждарға тұрғын үй көмегін көрсету бойынша белсенді шараларды қабылдануда.

Бүгінгі күнде елордада тұрғын үй алу кезегінде 47 646 адам тұрған болса, оның ішінде 3 912 көпбалалы отбасы.

2019 жылдың басынан бастап 518 пәтер берілді, оның 336 - ЖАО  кезекте тұрғандарға, оның ішінде 24 - көпбалалы отбасыларға (10-сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй; 14 - ЖАО тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үйі).

Сонымен қатар, ҚР Конституция күніне орай қалалық «Берекелі баспана» бағдарламасы аясында кезекте тұрғандарға 298 пәтер берілді. Олардың арасында 150 көп балалы отбасы бар.

Ағымдағы жылы коммуналдық тұрғын үй қорынан  1 322 пәтер беру жоспарланған (оның ішінде 419 – жалгерлік, 903 – несиелік тұрғын үй, оның ішінде 452 ЖАО-да кезекте тұрғандарға).

 Пәтер сатып алуға жылдық 2% жеңілдетілген несие алуға 2365 жолдама ұсынған «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы да астаналықтар арасында танымал. Оның 834-і көпбалалы, 1 143-і толық емес отбасы.

Бағдарлама шеңберінде төлем қабілеттілігін бағалау үшін тағы 857 өтінім, көп балалы отбасылардан 309 және толық емес отбасынан 400 өтінім қабылданды. Бүгінгі күні 414 өтінім мақұлданды, олардың жалпы сомасы 5,9 млрд.теңгені құрады, сондай-ақ 1,4 млрд. теңге сомасына 103 кредиттік қарыз берілді.

 «Нұрлы Ертіс» бағдарламасы астаналықтар үшін үлкен сұранысқа ие болып, жыл басынан бері Екібастұзға жалпы саны 1 161 адам болатын 222 отбасы қоныс аударды, оның 781-і бала.

Бұдан басқа, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысына 62 отбасы немесе 212 адам көшірілді. Бүгінгі таңда өтінімдерді қабылдау қала әкімдігінің тұрғын үй қорында жалғасуда.

Сондай-ақ, 2019 жылдың соңына қарай «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 616 көпбалалы отбасын баспанамен қамтамасыз етеді.

Халықты мемлекеттік қолдаудың тағы бір құралы қарыздық жүктемені азайту болып табылады, соның шеңберінде 22 544 адамның 6,7 млрд. теңге сомасындағы қарыздары алынып тасталмақ.

Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары да тиімді әрекет етуде. Жыл басынан бері әкімдікке жұмыс іздеп 15 194 адам жүгінді, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 7 502 адам қамтылды. Тұрақты жұмысқа 3778 адам, қоғамдық жұмыстарға – 2029 адам, жастар тәжірибесіне – 865 адам және әлеуметтік жұмыс орындарына - 154 адам орналастырылды.

Сондай-ақ, елордалық Жұмыспен қамту орталығы еңбек нарығында сұранысқа ие 102 мамандық бойынша қысқа мерзімді курстар өткізеді, оларға 583 адам жіберілді. Бизнес-идеяларды жүзеге асыруға 49 адам грант алды. Грант көлемі 100-ден 200 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

 Денсаулық сақтау саласында көрсетілетін шараларға келер болсақ, диспансерлік бақылауда тұрған пациенттерге, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына ТМККК шеңберінде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 7,2 млрд.теңге бөлінді.

Білім беру саласында биылғы жылы жоғары оқу орындарында білім алу үшін әкім грантын көп балалы отбасылардан 48 бала, бала кезінен мүгедек тегін білім алатын тағы бір бала алды. Бүгінгі таңда бөлінген грант бойынша 138 студент оқуын жалғастыруда. Оқуды аяқтағандардың 304 мамандық бойынша жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар, астаналықтарға жан-жақты көмек көрсету үшін елордада жақында күніне 300 келушіні қабылдайтын «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы ашылды. Мұнда 70-тен астам қызмет түрлерін көрсету бойынша 12 мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік сектордың жұмысы ұйымдастырылған. Осы ғимаратта өз бизнесін дамыту үшін қаладағы аналарға арналған «Кәсіпкер Ана» қолдау орталығы орналасқан.

Көп балалы аналарға елордалық бизнесмендер де барынша қолдау көрсетуде. ШОБ пен меценаттардың күшімен 1742 отбасы 133,1 млн. теңгеге азық-түлік корзинасын, қатты отын, киім, аяқ киім және қаржылық көмек алды. Сондай-ақ, олардың тұрғын үйлеріне 1 004 улы газ бен түтіннің жоғары деңгейін хабарлайтын автономды датчиктер орнатылды. Мәдени іс-шаралармен 8500 көп балалы отбасы қамтылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109