3800

Астаналық құтқарушылар жеке секторда рейд өткізді

Сарыарқа аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары аумақтағы жеке сектордағы тұрғын үйлерге рейд өткізіп, халыққа өрт қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Басқарма бастығы Қ. Тоқсариннің айтуынша, мұндай жұмысты әсіресе жеке секторда өткізу маңызды.

«Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД –нің күнделікті жұмысында тұрғын жер үйлерде өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету бір өткір мәселелерінің бірі болып тұр»,- деді ол.

Рейд барысында адамдармен жылыту маусымына дайындық туралы әңгіме жүргізілді, пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша жадынамалар таратылды.

Әрбір үйге кіре отырып, бірінші кезекте пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу мәніне жылыту пештері тексеріліп, оларды жою бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар көмір мен отынды сақтау ережелері жеткізілді.

Бұған қоса, рейд жүргізу барысында үш көп балалы отбасы анықталды, оларға бірден тұншықтырғыш газ датчиктері орнатылды. Айта кетейік, 2019 жылы Сарыарқа ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері көп балалы және аз қамтылған отбасыларына 914 датчик орнатты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109