804

А. Көлгінов «Астана Тазалық» ЖШС жұмысшыларын құттықтады: «Жұмысты жақсарту үшін 120 арнайы техника аламыз»

Елорда әкімі А. Көлгінов «Астана Тазалық» ЖШС жұмысшыларын  мекеменің құрылғанына 11 жыл толуымен құттықтап, оған қоса ондағы техниканың қысқа дайындық барысын да қарап шықты. Жұмысқа қолайлы жағдай жасап, қала тазалығын одан әрі жақсартып, қолдау мақсатында қосымша 120 бірлік техника алынады. Арнайы техникалар «Астанаэнергосервис» АҚ-ын таратудан үнемделген қаржы есебінен сатып алынады.

«Кәсіпорын құрылған уақыттан бастап, сіздер өте маңызды міндетті атқарып, елордамыздың тазалығын қамтамасыз етуде үлкен үлес қосып келесіздер. Қыстың аязы мен жаздың ыстығына, қар мен жаңбырға қарамастан таңның атысынан кеш батқанға дейін қала жайлылығы үшін еңбек етіп жүрсіздер.   Сіздердің осы еңбектеріңіз бен осындай жұмыс қабілеттеріңізге қарап, біздің көптеген тұрғындар, әсіресе балалар үлгі алады деп ойлаймын. Алдымыз қыс, жылу маусымы. Жұмыс ауқымы ұлғаяды. Біз сіздерді қашан да қолдаймыз. Қысқы тазалық жұмыстарын жүргізуде жеңіл болу үшін биылғы жылы 120 бірлік жаңа техника сатып аламыз. Біздің жұмысшыларымыздың жұмыс жағдайларының жақсы болғанын қалаймыз»,- деді А. Көлгінов.

 

Қала әкімі қаланың өсіп, оған қоса тұрғындардың да талабы артып отырғанын айтып, автопарктердің мүмкіндігінше жаңарып отыратынын атап өтті. А. Көлгінов жұмысшыларға атқарып жүрген қиын да күрделі жұмыстары үшін алғыс айтып, денсаулық, отбасылық амандық-саулық тіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109