№56, 71 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді
1 қазаннан бастап М. Төлебаев және Балқантау көшелерінің қилысында жол жөндеу жұмыстарына байланысты №56, 71 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, -деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.
«Құрметті қоғамдық көлікті пайдаланушылар!
М. Төлебаев және Балқантау көшелерінің қилысында жол жөндеу жұмыстарына байланысты 1-қазан күнінен бастап №56, 71 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
Қозғалыстың қалпына келтірілуі туралы қосымша хабарланатын болады.
Қоғамдық көлік туралы ақпаратты біздің ресми сайтымыздан және әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздан таба аласыздар», - деп хабарлайды «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz