768

Нұр-Сұлтанда халықты тұмауға қарсы вакциналау науқаны басталды

1 қазаннан бастап қалада тұмауға қарсы иммунизациялау науқаны басталды. Бүгінгі күні әкімдік 100 мың доза вакцина сатып алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тәуекел тобына жататын азаматтар тіркелген жеріндегі емханада немесе жылжымалы бригадалар арқылы тегін егіледі. Әкімдік Ресейде шығарылған «Гриппол плюс» вакцинасының 100 мың данасын сатып алды.

Вакцинаны ақылы түрде салдырғысы келетін тұрғындар қалалық емханалар мен жеке медициналық ұйымдарға жүгіне алады. Олардың тізімі Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің  Facebook желісіндегі парақшасында көрсетілген.

Вакцинациямен 7210 медициналық қызметкер, 33789 бала (6 жастан асқан, диспансерлік тіркеуде тұрған және жиі ауыратын), жабық мекемелердегі 370  бала (балалар үйі, түзету мектеп интернаты, жетімдер үйі, балалар қалашығы), медициналық-әлеуметтік мекемеден 270 адам (қарттар үй), екінші немес үшінші кезеңдегі жүктілігі бар 6000 әйел,  созылмалы аурумен тіркеуде тұрған 52 361 адам қамтылады.

«Вирус жыл сайын мутацияға ұшырайтындықтан, бір рет ауырып өмірінің соңына дейін иммунитетке ие болуға болмайды. Тұмауға қарсы өткен жылы алынған тұмауға қарсы иммунитет биылғы жылдың вирусынан қорғай алмайды. Сондықтан ағымдағы жылы шығарылған вакцинаны жыл сайын алып отырған жөн. Иммунитет 14 күннің ішінде қалыптасып, барлық маусым ішінде сақталады (12 ай). Вакцинаны қазан және қараша айларында алу ұсынылады», - деді Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов.

Айта кетейік, тұмау вирусы инфекцияланған адамнан түшкіру немесе жөтел  кезінде ауа арқылы таратылады. Сондай-ақ есік тұтқасы, лифт батырмасы, қағаз ақша, қол алысу кезінде берілуі мүмкін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109