1930

Астанада 1775 адам жылжымалы флюорографтардың көмегімен профилактикалық флюорографиялық тексерулерден өтті

Нұр-Сұлтан қаласында «STOP туберкулез!»  акциясы басталған бір аптаның ішінде Астанада 1775 адам жылжымалы флюорографтардың көмегімен профилактикалық флюорографиялық тексерулерден  өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Еске сала кетейік, 23-ші қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық фтизиопульмонология орталығы қолдауымен «STOP туберкулез!»  атты ауқымды қалалық акциясы бастады.

Акцияның мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарына туберкулезге зерттеуді уақытында өту және ауру жөніндегі ақпаратты арттыру.

1 қазанға дейін қалада 4 жылжымалы флюорографтардың көмегімен күнделікті түрде нарықтарда (Ұлжан, Бигшанхай), сауда үйлері мен орталықтарында (Дәулет, Астаналық базар, Әлем, Жаннұр, Джаффар, Бахус, Евразия, Аружан), тұрғын аудандарда профилактикалық тексерулер өткізілді.

Бірінші аптада барлығы 1775 адам жылжымалы флюорографтардың көмегімен профилактикалық флюорографиялық тексерулерден  өтті.

Тексеруден бөлек, халықпен әңгімелесу жүргізіліп, аурудың алдын алуы және алғашқы симптомдары, уақытында анықтаудың тәсілдері  туралы ақпарат берілді. Бұған қоса, 7268 адамға туберкулез және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы сауалнама жүргізілді.

Сондай-ақ қалалық емханаларда туберкулез сұрақтары бойынша ашық есік күндері өткізілді. Ауру бойынша консультациядан 436 адам, туберкулезге деген білімі туралы сауалнамалардан 1281 адам, флюорографиялық тексерулерден 2261 адам өтті. 

Айта кетейік, 1 қазаннан бастап 4 үлкен жоғары оқу орындарында студенттерге тексерулер жүргізілуі басталды: Астана медицина университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университеті.

«STOP туберкулез!»  акциясы 23 қазанға дейін жалғасады. Емханалардағы ашық есік күндері мен сауда орталықтарында, қала базарларында, әртүрлі тұрғын аудандарда флюорографиялық тексерулерді өткізу кестесін https://uoz.astana.kz ресми сайтынан қарай аласыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109