552

«Эко сағат» республикалық акциясы аясында елордада 2,5 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Елімізде "Эко сағат" республикалық акциясы басталды. Елорда мектептерінің аумағында 2,5 мыңнан астам ағаш отырғызылды. "Эко сағат" республикалық акциясына министрлер, мемлекеттік органдардың басшылары, аудан әкімдері, оқушылар, мұғалімдер және қала тұрғындары қатысты.

Барлығы акцияға 6 мыңнан астам адам қатысты. Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаев пен елорда әкімі А. Көлгінов №76 мектеп оқушыларымен кездесіп, қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажет екендігін айтып, оқушылармен бірге ағаш отырғызды. 

ҚР Вице-премьері Б. Сапарбаев оқушыларды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, сондай-ақ білім мен еңбекқорлыққа ұмтылуға шақырды.

"6 қазан-қоршаған ортаны қорғау күні. Мерекеге орай үкімет әкімдіктермен бірлесе отырып, Қазақстанның барлық мектептерінде эко-сағаттар өткізді. Акция 7 мың мектепті қамтиды. Оған 3 млн-нан астам оқушы қатысады. Табиғатты қорғау өте маңызды. Дәстүр бойынша біздің халқымыз ағашты барлық жерлерде отырғызған.", - деп атап өтті ол.

Елорда әкімі А. Көлгінов жазда ҚР Президенті #Birge #TazaQazaqstan эко-челлендж қозғалысын қолдады, "студенттер мен жастардың белсенді қатысқаны аса қуантты"деп атап өтті. Жазда су қоймалары, өзендер мен көлдердің жағалаулары қоқыстан тазартылды.

"Елбасы елорданы көшірген кезде, жасыл белдеу жобасын жүзеге асыруға кірісті. Қазіргі таңда қала орманмен қоршалған, бұл үлкен еңбек. Орман-біздің қаламыздың өкпесі. Экологияның жақсы күйде болуы, үйдің таза тұруы тек өзімізге ғана байланысты. Біз отырғызатын ағаштарға күтім жасап, суару керек. Бірнеше жылдан кейін бұл ағаштар өсіп, жайлы өмір сүруімізге септігін тигезін болады. Ал сіздер осы ағаштарды отырғызғандарыңызды мақтан тұтатын боласыздар", - деді А. Көлгінов.

16 қыркүйектен 13 қазанға дейін елорданы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша экологиялық айлық жарияланды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109