1610

Елордада жұмыс берушілерден арнайы жұмыс орындарын ашу үшін субсидия алуға өтінім қабылдау басталды

1 қазаннан бастап Нұр-Сұлтанда жұмыс берушілерден мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы жұмыс орындарын ашу үшін субсидия алуға өтінім қабылдау басталды. Жұмыс берушілерге жұмыс орындарын жабдықтауға арналған шығындар үшін республикалық бюджеттен өтемақы беріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Келесі жылға арналған өтінімді электронды форматта www.enbek.kz сайтында ал қағаз түрінде Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту орталығына тапсыруға болады.

Субсидия алу үшін жұмыс берушілер бірқатар талаптарды орындау керек:

- Арнайы жұмыс орындары ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылдың 14 маусымдағы № 519 бұйрығымен бекітілген мүгедектің жұмыс орнының стандартына сәйкес болуы керек (Құқықтық нормативтік актілерді тіркеудің мемлекеттік реестрінде № 13913 тіркелген). 

- Мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрақты жұмыс орны пайда болған уақыттан бастап кемінде 12 ай мерзіміне жұмысқа қабылданып, еңбекпен қамтылуы тиіс.

- Жұмыс берушіде бюджетке еңбек ақысы, салық және жасқа да міндетті төлемдер бойынша қарызы болмауы тиіс.

- Жұмыс беруші арнайы ашылған жұмыс орнына қабылданған азаматқа иеленген лауазымына байланысты еңбек ақысын төлеуі тиіс. 

Айта кетейік, субсидия алуға өтінім қабылдау 2019 жылдың 1 қарашасына дейін жалғасады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109