1547

Нұр-Сұлтанда кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті

Бүгін Нұр-Сұлтанда бастапқы кәсіподақ ұйымдарының «Қауіпсіз кәсіпорын – дені сау жұмысшы» форумы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі күні өндірістегі қайғылы оқиғалардың салдарынан болатын өлім-жітім әлемде жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулардан соң үшінші орында тұр.    

Форум өндірістік жарақат, кәсіби ауру-сырқат пен жұмыс орнында болатын өлім-жітім көрсеткішін азайтып, еңбек қауіпсіздігі мен жұмысшының денсаулығын жақсарту бойынша тиімді сұхбат алаңына айналды. Форумға ҚР Кәсіподақтар федерациясының басшылары, әлеуметтік серіктестер, бастапқы кәсіподақтар ұйымы, халықаралық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, еңбек қауіпсізігі жөніндегі сарапшылар мен ғалымдар қатысты.

Бұған қоса, форум кезінде Қазақстанда кәсіподақ қозғалысын дамытуға үлес қосқан елорданың кәсіподақ белсенділері марапатталды. Шара соңында қатысушылар резолюция қабылдады.

Айта кетейік, аталған форумды биыл 10 қазанда елімізде алғаш рет аталып өтілетін Кәсіподақтар күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы мен елорданың Кәсіподақтар орталығы ұйымдастырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109