2584

Елордада жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді оқыту курстарына іріктеу жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытуға іріктеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оқу курстары 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік нәтижелі жүмысмен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. 2019 жылы барлығы мыңға жуық адамды қысқа мерзімді оқыту көзделіп отыр. Бүгінгі күні 711 қатысушы 18 мамандық бойынша 11 оқу ұйымына жіберілді. Оның 247-сі курсты аяқтап, 109 -ы жұмысқа тұрды. Сондай-ақ комиссия 289 жаңа бизнес идеяны жүзеге асыруға грант беруді құптады. Оқу кезінде қатысушыларға ай сайын 16759 теңге көлемінде шәкіртақы беріледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жоспарына түзетуге сәйкес, қосымша 450 адамды қысқа мерзімді курстан өткізу көзделген. Қазіргі күні топтарты жасақтау үшін алдын ала тіркелу жүріп жатыр. Қысқа мерзімді оқу курстары есепші, слесарь-сантехник, аспаз, наубайшы Кондитер, Web-дизайн, әкімші, тігінші, мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі, уқалаушы, шаштараз, кибер қауіпсіздік саласының маманы, видеографика және анимация, электрдәнекерлеуші, мектепке дейінгі білім беру педагогы, автоэлектрик, риэлтор, мемлекеттік сатып алу бойынша маман, видеоинженер оператор, музыка терапевт, инетерапевт, сарапшы-бағалаушы, сурдраудармашы және визажист  мамандықтары бойынша жүріп жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109