7005

Елордалық ТЖД «Шарапат» орталығына жиһаз сыйлады

Қазан айында үш бірдей мереке халықаралық қарттар күні, мүгедектер және әлеуметтік қызметкерлер күні. Осыған орай, Төтенше жағдайлар департаменті «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына мерекелік сыйлық жасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

80-ге жуық елордалық құтқарушы  ауқымды сенбілік ұйымдастырып, мекеме  аумағын тазалап, шыршалар отырғызылды. Іс-шараға Астана қаласы ТЖД «ВМ-құтқарушылар» ансамблі, қазақстандық эстрада жұлдыздары және т.б. қатысты. 

Аталған шараға мәслихат депутаттары, Сарыарқа ауданы әкімі, қалалық әкімдік және Нұр-сұлтан ТЖ департаментінің бастықтары қатысты.

ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Марғұлан Аманбаев құттықтау сөз сөйлеп, орталықтың тұрғындарына мықты денсаулық, рух сергектігін, сарқылмас қуат тіледі. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменті шахмат залына 25 орындық түрінде жиһаз сыйлады. 

«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Р.Ж.Баймағамбетова келген сапарлары үшін қатысушыларға алғысын білдіріп, Орталықтың тыныс-тіршілігіне белсенді қатысқаны, спортқа сіңірген еңбегі үшін қызметкерлер мен тұрғындарын сыйлықтармен және грамоталармен марапаттады. Құтқарушылар мерекелік концертпен бірге өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқаулықтар, өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109