3494

Нұр-Сұлтанда «Jas sarbaz – Jastar jylynda» күзгі әскери-спорттық ойындары аяқталды

68665 әскери бөлімінде Нұр-сұлтан қаласының жас сарбаздарының арасында «Jas sarbaz – Jastar jylynda» күзгі әскери-спорттық ойындары аяқталды. Үш күн бойы қаланың жас сарбаздары бірнеше спорт түрінен бақ сынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Еске салайық, «Jas sarbaz – Jastar jylynda» күзгі әскери-спорттық ойындары 2 қазан күні ашылып, үш күн бойы жас сарбаздар бірнеше спорт түрінен жарысты. Аталған шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» ресурстық орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастырды.  Оған елорда мектептерінің жас сарбаздары қатысты.

Жалпы, Қазақстанда жас сарбаз қозғалысы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы жолдауынан кейін пайда болды.  Елбасының әскери-партиоттық тәрбие туралы бастамасынан кейін   «Жас сарбаз» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Бүгінде мемлекетіміздің барлық аймақтарында «Жас сарбаз» қозғалысының маңыздылығы жайлы ақпарат кеңінен насихатталуда. 

2019 жылдың қаңтарында «Жас сарбаз» қозғалысына қатысушыларының саны 74 602 адамды құраса. 20 шілдеде 174 471 адамнан асты. Жарты жылдың ішінде 99 869 «жас сарбаз» қатарға қосылды.  Жоба аясында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша әртүрлі 516 іс-шара өткізілді. Оларға 500 000 астам жастар қатысты.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109