3060

А. Көлгінов: "Мұғалімді қолдағаның - болашағыңды қолдағаның"

Елордада Мұғалімдер күніне арналған "Qaldyrgan iziń mángilik" атты салтанатты шара өтті. Қала педагогтары "Алтынсарин", "Білім саласының үздік қызметкері" төсбелгілермен және алғыс хаттармен марапатталды.

Тұңғыш президентіміз - Елбасының бастамасымен "педагог мәртебесі туралы" заң жобасы дайындалды.

Мемлекет басшысы халыққа жолдауында әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі ретінде білім беру сапасын арттыруды атап өтті.

Қала әкімі өз сөзінде қазіргі таңда қалада 295 мың бала тұратын айтты. Бұл кезіндегі Целиноград тұрғындарының санынан артық.

"Балаларды оқыту, тәрбиелеу-үлкен және аса маңызды еңбек. Мұғалімді қолдағаның - болашағыңды қолдағаның. Сіздердің қажырлы еңбегіңіздің, тынымсыз ізденісіңіздің арқасында еліміздің зияткерлік әлеуеті қалыптасуда. Барлығымыз оқушы болдық. Сүйікті ұстазымыз әрдайым жадымызда, алғысымыз шексіз. Мерекелеріңізбен! Сіздерге зор денсаулық, кәсіби табыс тілеймін", - деді А. Көлгінов.

Елорда әкімі тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін өткен жылдан бастап мұғалімдерге тұрғын үй сертификаттарын бере бастағанын атап өтті. Осы жылдың қыркүйек айының соңында 350 жас педагогтардың өмір сүруіне арналған орталық ашылды. Қаланың білім беру мекемелерінде 17 мыңнан астам педагог еңбек етеді. Кадрларды даярлау білім беруді жаңғырту орталығының базасында отандық және халықаралық сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырылады, қолайлы жұмыс үшін барлық қажетті жағдайлар жасалынуда.

Қала әкімінің мектеп директорларымен кездесуі кезінде мекемелердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жақсарту, жөндеу, кадрлар даярлау және т.б. мәселелер көтерілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109