5664

Елордада азаматтарды қабылдау барысында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың сұрақтары талқыланды

Елорда әкімі А. Көлгінов қабылдауға жазылған 18 азаматты қабылдады. Қабылдау барысында ынталы топ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың мәселелері бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды айтты. Балалар үшін үйірмелер ұйымдастыру, инватакси санын арттыру, орталық жанында жылы аялдамалар орнату және медициналық қызмет көрсету мәселелері көтерілді. Қалалық әкімшілік басқармаларының басшылары мен аудандық әкімдіктер айтылған мәселелер бойынша жұмыстанады.

Сондай-ақ, қала тұрғындары тұрғын үй бағдарламасына қатысу, жұмысқа орналасу, білім алу және балабақшаларға жолдама алу мәселелері бойынша өтініш білдірді.

Үш ай ішінде елорда әкімі  500-ге жуық тұрғынды қабылдады. Тұрғындардан 1200-ден астам сұрақ келіп түсті, 1000-нан астам сұрақтар шешіліп, қалғандары бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау аудандық әкімдіктерде және "жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында өтуде, онда "бір терезе" қағидаты бойынша қала тұрғындарына 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109