5781

Үркер елді-мекенінде қала әкімінің аралауынан кейін не өзгерді

Елорда әкімі А. Көлгінов "Үркер" (Ильинка) тұрғын елді-мекенін аралау барысында жол құрылысының барысымен танысып, жинақталған учаскелерді аралап, тұрғындармен кездесті. Тұрғындармен алғашқы кездесу барысында олар жылы аялдама орнатуды сұраған болатын. Жылы аялдама Исатай батыр көшесінде орнатылды. Сонымен қатар 16 көшеге асфальт төселді. Олар: Қаракемер, Қармақшы, Ө. Ыбырай, Кеңсай, Қастек, Сырым батыр, Балқарағай, Қозықош, Миялы, Оспан батыр, Жайлаукөл, Наурызбай батыр, Исатай батыр, Е593 және Жанқожа батыр көшелері.

Сондай-ақ, жарықтандырылмаған көшелерде 90 шам орнатылды. Үйге ауыз су жеткізу мақсатында 1,4 км су құбыры салынды,кәріз коллекторлары орнатылды.

Екі сквердің құрылысы аяқталды (Ақдала және Байғозы батыр көшелері). Саябақтарда балалар ойын алаңдары, футбол алаңы, воркаут-кешені, орындықтар орнатылып,ағаштар отырғызылды. Тағы бір спорт алаңының құрылысы аяқталу сатысында.

Қазір 20 көшеде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындар қалалық әкімдікке атқарылған жұмыстар үшін алғысын білдірді.

"Алдымызда қыс мезгілі. Орнатылған жылы аялдамалар бізге өте қажет болды. Көшелерді жарықтандырғандарыңызды байқадық. Балалар ойнайтын жерлер пайда болды. Жолдарға асфальт төселді. Алда әлі де көптеген жұмыстар күтуде. Кірме жолдар салып, басқа көшелерді жарықтандыру қажет, үйлерге су және кәріз жүргізу. Сіздерден нақты нәтижелерді күтеміз", - деді Үркер тұрғындары.

Сондай-ақ,қала әкімі жатақхана тұрғындарымен кездесті (Сексек ата көшесі, 11). Жақында олар азаматтарды қабылдауда болды. Құрылыс салушының рұқсат құжаттары болмаған. Ол мансард салып, бөлмелерді тұрғындарға сатқан. Бұл мәселе жауапты органдармен бақылауға алынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109