3380

Қазақстандықтарды Чехия қалаларын азат ату кезінде қаза тапқан туыстарын еске алуға шақырады

Чехияда Фрыдек-Мистек елді мекенінде (чеш. Frydek-Mistek, Moravskoslezsky kraj, stat Cesko) қаза тапқан және құрметті әскери қабірде жерленген Қызыл әскер жауынгерлердің аттарын және дербес деректерін анықтау бойынша жұмыс аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жауынгерлердің жерленген жерлерін іздестіру-зерттеу жұмыстарын Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Чехияда әскери-мемориалдық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша өкілі Чехиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің жәрдем көрсетуімен жүргізгізді.

Бірлескен іздеу-зерттеу жұмысының нәтижесінде тиісті каталог анықталды, оның ішінде 542 жаңа ат анықталып, 895 адамның қосымша дербес деректері нақтыланды. Сондай-ақ Фрыдек-Мистек Мистек елді мекенінде осы әскери қабірде құрбан болған Қызыл Әскер жауынгерлерінің аттарымен мемориалдық плита орнатылады.

Мемориалдық плиталардың салтанатты ашылуы 2019 жылғы қазанның аяғы-қарашаның басында өткізіледі деп жоспарланған.

Осыған орай, қаза тапқан жауынгерлерді лайықты түрде мәңгі есте сақтау мақсатында Ресей Федерациясы қаза тапқан қазақстандық сарбаздардың жақын туыстарын осы іс-шараға қатысуға шақырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109