4229

«Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілерінің арасында жүгіруден жарыс өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Триатлон паркінде «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында 4 және 8 шақырымға жүгіруден жарыс өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарыс Жастар жылы аясында  «Астана жастары» ресурстық орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен  ұйымдастырылды.

Жарыс екі қашықтықта:  4 және 8 шақырымға жүгіруден  өткізілді. Үздік көрсеткіш көрсеткен «Жас сарбаз» тәрбиеленушілеріне бағалы сыйлықтар: қолсағаттар, повер банк – мобильдік аккумуляторлар берілді. Жарысқа  400-ден астам оқушы қатысты.

«Осындай іс-шаралар өсіп келе жатқан жас ұрпақты шынықтырып, денсаулықтарын нығайтып, төзімділігін арттырып, жастарымызды –  еліміздің патриоттарын шыңдай түсуге көп көмегі тиеді. Қазіргі 21-ғасырдағы гаджеттерге тәуелді болып үйден шықпайтын оқушыларды да ширатуға пайдасы мол», – дейді республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының жетекшісі Асхат Налшыбек.

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109