2544

Елордаға UNWTO туристік форумының алғашқы делегаттары келді

Ертең, 9 қазан күні Нұр-Сұлтанда UNWTO-ның  «Ақылды қалалар – Ақылды дестинациялар» VIII жаһандық саммиті жұмысын бастайды. Елордаға Тайланд пен Өзбекстаннан алғашқы делегаттар келді.  Ауқымды шараға 700-ден астам делегат қатысады,-деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

 Меймандардың арасында шетелдік танымал кәсіпкерлер, сәулетшілер, журналистер мен туристік ұйымдардың өкілдері бар.

Бүгін астанаға Бангкок қаласы Тұрақты хатшысының орынбасары Chatchawanit Khachit, Бангкок қаласы стратегия және бағалау департаментінің директоры Сиравсанхан Патан (Тайланд), сондай-ақ, Самарқанд қаласының әкімі Бобурмирзо Облакулов бастаған делегация келді. Қонақтарды қазақы дәстүрмен бауырсақ, қымызбен қарсы алды.

Ертең Нұр-Сұлтанға  негізгі қатысушылар келеді, оның ішінде UNWTO бас хатшысы Зураб Пололикашвили де келеді.

Жаһандық саммиттің спикері ретінде Pokemon GO ойынының жасаушылары, Куала-Лумпурдің сәулетшілері және тағы басқа қызықты тұлғалар қатысады. Елордада бүгінгі таңда жаңа технологиялар қолданылуда. Мысал ретінде гаджеттерді қуаттауға мүмкіндік беретін жылы аялдамалар, күн батареялары мен велосипедтерге арналған тұрақты келтіруге болады. 

Осыған орай, UNWTO-ның  «Ақылды қалалар – Ақылды дестинациялар» VIII жаһандық саммитін қабылдайтын Нұр-Сұлтан қаласының таңдауы таңғалдырмайды. UNWTO – 1975 жылдан бастап БҰҰ жүйесіндегі беледі туристік ұйым. Шара қазіргі уақытта көптеген мемлекеттерде  еніп жатқан «ақылды  қалаларға» арналады. Ақылды қалалардың арқасында экологиялық қалалық инфрақұрылым, қылмыс деңгейін азайту, тұрғындар мен қалаға келетін туристердің өмірі жайлы және қауіпсіз болып отыр.

Саммитте ақылды қалалар жиі  тап болатын әлеуметтік-экономикалық проблемалар талқыланады деп жоспарланған. Бағдарламада UNWTO академиясы мен Халықаралық конгресстер және конференциялар (ICCA) қауымдастығы ұйымдастырған кездесу индустриясы бойынша шеберлік сағаттары бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109