3285

Елордалық мәслихат депутаттары «Жанұя» орталығының жұмысмен танысты

Бүгін қалалық мәслихат депутаттары «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының жұмысымен танысты. Ашылған уақыттан бері 6042 мәселе бойынша 3666 адам орталықтың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Халық қалаулылары тұрғындарға бір терезе қағидасы бойынша заңгерлік, психологиялық, әлеуметтік кеңес пен көмек көрсететін «Жанұя» орталығының жұмысымен танысты. Сондай-ақ депутаттарға елордалық көп балалы аналарға жаңадан өз ісін бастап, табыс табуға үйрететін «Кәсіпкер ана» орталығының жұмысы туралы ақпарат берілді.

Айта кетейік, ашылған уақыттан бері бүгінгі күнге дейін 6042 мәселе бойынша 3666 адам орталықтың көмегіне жүгінді. Орталыққа келетін өтініштердің көбі атаулы әлеуметтік көмек, баспана, несие борышын өтеу мәселелеріне қатысты.

 6042 өтініштің 4861-і бойынша жүйелі консультация берілді: АӘК есептеу жүргізіліп, құжаттарды жаңарту, кезекке қою, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу ережесі түсіндірілді, несиелік борышын өтеу, бизнес ашу, көше саудасы, алимент борышын өндіру бойынша заңгерлік кеңес, көші-қон, заңсыз күреу, ажырасу және т.б.

Сондай-ақ 1180 мәселе бойынша шешім қабылданды.  Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, жұмысқа тұрғызу, қысқа мерзімді курстарда оқыту. Бұған қоса, «Жанұя» орталығы қызметі  шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау бойынша және (емхана тіркеу, дәрігердің қабылдауына жазу), психологиялық көмек көрсетілді.

Орталық базасында 157 іс-шара өткізіліп, ол 4500 адамды қамтыды. Мұнда қала әкімі, оның орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары тұрақты түрде жеке кездесу өткізіп, халықпен жұмыс істейді. Әр апта сайын ата-аналар, оқушылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арғанған психологиялық және мотивациялық тренингтер өтіп тұрады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109