3339

Елордадағы медициналық мекемелердің бас дәрігерлері iKOMEK109 орталығына келіп түскен өтініштерге жауап беретін болады

2019 жылдың басынан бастап iKOMEK109 қалалық орталығына денсаулық сақтау мәселелері бойынша 241 207 өтініш келіп түсті, оның ішінде 235 519-консультация, 3 445-шағым, 1 660-оқыс оқиға, 523-алғыс, 60-ұсыныс түсті деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Статистика көрсеткендей, ikomek109 орталығына келіп түскен барлық өтініштердің 24,5% денсаулық сақтау мәселелерімен байланысты.

Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Бірыңғай қалалық орталықпен бірлескен жұмыс жүргізеді.

Енді емхананың әрбір бас дәрігері өз телефондарында iKOMEK109 мобильдік қосымшасы бар, онда олар онлайн режимде өздерінің медициналық мекемелеріне қатысты барлық өтініштерді алатын болады. Сондықтан азаматтар медициналық қызмет көрсету бойынша толғандыратын сұрақтарға тікелей жауап ала алады.

«IKOMEK109 қалалық орталығының миссиясы қаладағы өмір сапасын жақсарту және тұрғындар үшін қалалық қызметтердің сапасын арттыру болып табылады. Сондықтан біз әрбір жауапты мемлекеттік органмен, соның ішінде денсаулық сақтау басқармасымен тығыз жұмыс істейміз» – деп атап өтті қалалық iKOMEK109 мониторинг орталығының басшысы Жаннат Дубирова елорданың медициналық мекемелері басшыларының қатысуымен өткен кеңес барысында.

Естеріңізге сала кетейік, iKOMEK109 мобильді қосымшасы қала тұрғындарына фото-бейнематериал қоса бере отырып, өтініш беруге, сонымен қатар өтініштердің атқарылу дәрежесін білуге, хабарландыруға жазылуға мүмкіндік береді. Онда сіз алдағы іс-шаралар, мектептерде сабақ болмайтыны, тасжолдардың жабылатыны және т.б. жөнінде біле аласыздар.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109