3839

Елордада өтіп жатқан ASTAUfest-2019 гастрономиялық фестиваліне 50 аспаз қатысуда

Нұр-Сұлтанда ASTAUfest-2019 гастрономиялық фестивалі басталды. Фестиваль аспазшы мамандығының мәртебесін асқақтату үшін өткізіліп отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аспазшы күніне арналған фестиваль өз алаңында Қазақстан, Ресей мен Қырғызстаннан 50 қатысушыны жинады. Үздік маман атағы үшін кәсіби аспаздар мен колледж студенттері-аспазшылар бақ сынап жатыр.

Биыл бағдарламаға ұйымдастырушылар мектеп оқушылары мен студенттерге арнап тамақ әзірлеу туралы тапсырманы енгізді.

ASTAUfest-2019 гастрономиялық фестивалі «Тағамтануды ұйымдастыру» мамандығын насихаттап, мәртебесін көтеруге, маман даярлау мен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған.

Фестиваль барысында шетелдік серіктестер шеберлік сағаттарын өткізіп, оқу орындарымен бірлескен инновациялық жобалардың іске асырылу барысын айтып береді.

Жарыс соңында «Арт-класс», «Шеф-кондитер», «Студенческий обед», «Шеф-повар», «Сервис класс» аталымдары бойынша үздік мамандар сыйлыққа ие болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109