3039

«Сарыарқа» газ құбыры магистралінің желілік бөлігінің құрылысы аяқталды

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ "АҚ Басқарма төрағасы А. Есімов пен елорда әкімі А. Көлгінов "Сарыарқа" газ құбырын  дәнекерлеу рәсіміне қатысты. Газ құбырының жалпы ұзындығы 1061,3 км құрайды. Іс-шараға Энергетика министрлігі, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ, "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ және "Еуразиялық Даму Банкі" АҚ өкілдері қатысты.

Газ құбыры Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынып жатыр.

Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы газдандыру процесін бақылауға алуды тапсырды.

Салтанатты рәсім барысында А. Есімов құрылысқа оң баға беріп, еліміздің солтүстік және орталық өңірлерін табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз етудің, көмірден жылу беру нысандарын газға көшірудің, сондай-ақ газ құбыры өтетін облыстардың экологиясын жақсартудың маңыздылығын атап өтті.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамасы аясында салынған газ құбыры еліміздің орталық аймағы мен елорданы ортақ газ тасымалдау желісімен байланыстырды. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ең ірі инфрақұрылымдық жоба және ол бір жылдан аз уақыт ішінде орындалды", - деді Ахметжан Есімов.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті. Жергілікті атқарушы органдардың міндеті-қала ішінде газ өткізу.

Жобаның бірінші кезегі ЖЭО-1,2,3, Көктал-1,2, Железнодорожный кенті, Оңтүстік-Шығыс (оң және сол) дейін газ тарату желілеріне газ беруді көздейді. 1 кезең аяқталған соң 13,5 мың үйдің тұрғындары газға қол жеткізе алады.

Жобаның екінші кезегіне сәйкес Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3 ПК), Пригородный, Garden Village, Family Village (4 ПК) елді-мекендері газбен қамтылады.

Үшінші кезекте Ильинка (1-2-ші ДК), Шұбар (3-ші ДК), Өндіріс (4-ші ДК) елді-мекендері газдандырылады.

Газ тарату желілері көше желісі бойынша жүргізіледі. Жеке сектордың тұрғындары өздері көше желісінен үйлерге тікелей газ қоса алады. Қалаға газ өткізу нәтижесінде қаладағы зиянды шығарындылар 6 есеге, қатты заттар 40 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109