3046

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап АӘК қалай өзгереді

Алдағы жылдан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жаңа тәртіппен берілетін болады. АӘК тағайындаудағы негізгі ұстаным мұқтаж жандарға көмектесу болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі (Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың                            2 тоқсандағы күнкөріс деңгейі – 36 283 теңге, 2019 жылдың                     3 тоқсанға кедейлік шегі – 25 398 теңге).  2019 жылы – мұқтаждық шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-нан 70%-на дейін көтерілді. Осыған орай, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға 25 398 теңгеден төмен жан басына шаққандағы табысы бар отбасылар құқылы. АӘК 25 398 теңге соммасы мен жан басына шаққандағы табысының айырмасы ретінде тағайындалады, бірақ балалар мұқтаждық шегі мен жан басына шаққандағы табысының айырмасын емес, ал оның толық сомасын = ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ын (25 398 теңге) алады.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында елордада АӘК 7303 отбасыға немесе 36515 адамға,  2,6 млрд. теңге сомасында төленді. 2018 жылмен салыстырғанда алушылар саны 7,9 есеге өсті (2018 ж. - 924 отбасы және 4601). Бір адамға АӘК-тің орташа мөлшері 6 848 теңгеден 16 446 теңгеге дейін 2,5 есеге өсті (орта есеппен АӘК отбасыға 90 мың теңгеге жуық шығады).

Айта кетейік, мұқтаж отбасылар мемлекет тарапынан шынайы қолдау алды, оның жартысы дерлік көп балалы отбасылар болды. Сонымен қатар кейбіреулері аз қамтылғандар санатынан шықты

Сондай-ақ табысын жасыру және бизнесінің болуы, АӘК алу шарттарын бұзу фактілері де кездесті.

Мәселен, АӘК-ті заңсыз тағайындауға алып келген 339 отбасы өзінің нақты табысын жасырғандығы анықталды. Олар бойынша шаралар қабылданды және меморгандар бұрын тағайындалған АӘК-ті қайта есептеуге және тоқтатуға мәжбүр болды.

Мемлекеттің АӘК тағайындаудағы негізгі ұстанымы  –   көмекке шынайы мұқтаж азаматтарға көмектесу. Атап айтқанда, мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек, мемлекет жұмысқа орналасуға немесе кіші бизнеспен айналасуға жәрдем береді.  Бұл мақсаттағы кешенді шаралар 3 бағытты құрайды.

Біріншісі – көп балалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақыны ұсыну. Сонымен қатар, бұл көп балалы аналардың материалды жағдайына және әлеуметтік статусына қарамай авторитетін мойындау болып табылады және елімізде бала туу көрсеткішін жоғарылатады. Көп балалы отбасылар үшін республикалық бюджет есебінен мемлекеттік жәрдемақы енгізіледі. Бұл мемлекеттік жәрдемақыны төлеу отбасының табысына тәуелді болмайды және барлық көп балалы, яғни 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары баротбасыларға төленеді.

Екіншісі – аз қамтылған санаттағы азаматтарды қолдау және оларды еңбекке ынталандыру. АӘК аз қамтамасыз етілген, соның ішінде көп балалы отбасыларға төленеді. Критерийі өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы деңгейінде қалады. АӘК мөлшері бұрынғыдай жан басына шаққандағы орташа табыс пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% арасындағы айырма ретінде төленетін болады. Бұл ретте, табысы жоқ отбасылар биылғы жылғы мөлшермен бірдей алатын болады.

Үшіншісі – отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істеуі керек және отбасы үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Ол үшін АӘК шартты ақшалай көмек түрінде көмек көрсетіледі және бірінші кезекте аз қамтылған отбасылардағы жұмыссыз азаматтарға бағытталатын «Еңбек» жұмыспен қамту бағдарламасының потенциалын максимальды қолданалатын болады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардың еңбек әлеуеті ынталандырылады, олардың кірістерін арттырып, әлеуметтік жағдайларын жақсартатын кәсіпкерлікке тарту үшін мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109