1885

Елордада Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай футболдан инклюзивтік турнир өтті

Елордадағы Психикалық денсаулықтың медициналық орталығында  Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай  ашық есік күні өтті. Соның аясында футболдан инклюзивтік турнир өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл күні орталықтың келушілері білікті психиатрлар мен психологтардан консультация алып, орталықтың психо-әлеуметтік орталығының клиенттері жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесіне қатысты. ҚР ДМ Қоғамдық денсаулық ұлттық орталығымен бірлесіп, суицидтің алдын алу бойынша семинар ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласының № 35 және № 1 мектеп-лицейлерінің 8-11 сынып оқушыларының алдында орталықтың суицидологы Михаил Смецкой дәріс оқыды. Оның айтуынша, дұрыс әрі сауатты өмір сүрсе адам өмірін сақтап қалуға болады.

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай, алғаш рет футболдан «Mental cup» өтіп, оған орталықтың науқастары мен «Нұр-Отан» партиясының, «Green Tall» әлеуметтік шеберханасы, «Өмір тынысы»  қоғамдық қорының командалары қатысты. Аталған турнирді ШЖҚ "ПДМО" МКК-нің  Психо-әлеуметтік оңалту орталығы және   «Олимпионок» әлеуметтік қоры ұйымдастырды. Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды «Нұр Отан» партиясының командасы, екінші орынды «Өмір тынысы» ҚБ, ал үшінші орынды Психикалық денсаулық медициналық орталығының командасы иеленді.

Матч ұйымдастырушылары мұндай инклюзивтік жолдастық кездесулерді республикалық деңгейге шығаруды көздеп отыр, өйткені ол психикалық ауытқулары бар адамдарды оңалтудың бір бағыты болып табылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109