2898

Елордада демалыс күндері қалай өтеді

Алдағы демалыс күндері Нұр-Сұлтанданда бірқатар мәдени-бұқаралық шаралар өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, үздік тауар өндірушілер көрмесі мен Дон Карлос» операсының премьерасы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін, ертең «Көрме» көрме орталығында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтуді. Үздік тауар өндіруші атағы үшін әр өңірден 9 өкілден, бас-аяғы 153 өніруші бақ сынайды.

Шара отандық тауар өндірушілердің өнімдерінің сапасын арттырып, отандық брендтерді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.  көрме келушілеріне қазақстандық өндірушілердің нана, кондитерлік, сүт өнімдері, жартылай фабрикаттар, киім-кешек, құрылыс материалдары, медициналық бұйымдар, корпустық жиһаз және т.б.ұсынылады.

Бұдан бөлек, конкурс аясында «Ұлы дала елі» форум өтеді. 

Сондай-ақ 11 қазан күні «Астана опера» театрында Джузеппе Вердидің «Дон Карлос» операсының премьерасы қойылады. Айта кетейік, аталмыш опера Қазақстанда алғаш рет сахналанады. Оның қойылымынла итальяндық режиссер қоюшы Давиде Ливермор жұмыс істеді, ол 2019 жылдың Опера Оскарында «Үздік режиссер» атағына ие болған. Басталуы сағат 19:00-де, билет 500 теңгеден басталады.

Ертең «Алау» мұз айдынында жаппай сырғанау маусымының ашылуы өтеді. Соның құрметіне келушілерге сыйлықтар табысталып, әртістер өнер көрсетеді. Чемпиондық мұз айдынында күн сайын сағат 19:22:00 аралығында  (дүйсенбіден басқа) сырғанауға болады. демалыс және мереке күндері 5 сеанс қарастырылған, сырғанақ бұл күндері сағат 09:00-23:00 аралағында жұмыс істейді.

13 қазанда Астана арена стадионында Қазақстанның ұлттық құрамасы мен Белгия арасында Еуропо чампионатының 2020 жылғы іріктеу турнирі аясындағы матчтық кездесуі өтеді. Ойын сағат 19:00 басталады.

Сондай-ақ бұл күні The Ritz Carlton қонақүйінде Красноярск қаласынан неоклассикалық компазитор Илья Бешевлидің жеке концерті өтеді. Пианист бұған дейін Ресейдің қалаларында өнер көрсеткен болатын. музыкалық кеш 13 қазанда сағат 16:00-де басталады. Билет бағасы 5400 теңге.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109