6117

Елордалық жастарды «Қазақстаның 100 жаңа есімі» арнайы жобасына қатысуға шақырды

1 қазаннан бастап Нұр-Сұлтанда «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының үшінші кезеңі басталды. Астаналықтар 1 қарашаға дейін өз өтінімдерін бере алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.

Жобаның мақсаты - Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихы мысалында табыстылық, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білімге табыну идеяларын ілгерілету арқылы, ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту болып табылады.

2019 жыл Тұңғыш Президент – Елбасы ұсынысымен Жастар жылы болып белгіленгенін ескере отырып, биылғы жылы 39 жасқа дейінгі жас қазақстандықтардың жетістіктерінің тарихын іздеуге және таңдауға ерекше назар бөлу жоспарлануда.

Үміткерлер 100janaesim.ruh.kz сайтында өтінім толтырып, және қалауы бойынша өз жетістіктері туралы бейнероликті жүктеп жобаға қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 1 қазанынан 1 қарашаға дейін жүзеге асырылады.

Осыған орай, ұйымдастырушылар елорданың мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым, бизнес, спорт, қоғам саласында қызмет етіп, Қазақстанды көркейтіп жатқан азаматтарын жобаға қатысуға шақырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109