2902

Нұр-Сұлтанда сыни ойлау мектебі жұмысын бастады

Елордада жастардың медиа сауаттылығын арттыруға бағытталған

«True or False» жобасы басталды, соның шеңберінде сыни ойлау мектебі іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жоба қалалық Қоғамдық даму істері басқармасының бастамасымен жүзеге асырылуда.

Ағымдағы жылдың қазан мен қараша айлары аралығында жастарға арналған кибер қауіпсіздік, психология және коммуникация саласындағы жоғары білікті мамандар тренингтер топтамасын өткізеді.

Интернетте ұсынылған ақпаратқа сыни көзбен қарай білу адамға виртуалдық және шынайы әлемді ажыратуға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар ғаламторда жиі кездесетін жалған ақпаратты жүрегіне жақын қабылдамай, өз психикасын сақтауға көмектеседі.

«Жастар ақпараттың таратылу жылдамдығы және технологиялардың қарқынды дамуына дайын болуы тиіс. Тақырыптың өзектілігіне байланысты аталмыш жоба ұйымдастырылды», – деп атап өтті жобаның ұйымдастырушылары.

Жобаға қатысу өтініштері 2019 жылғы қыркүйектен бастап 3 қазанға дейін қабылданды. Нәтижесінде 300-ге жуық үміткерлер тіркелді, олардың 62-сі орта мектеп оқушылары, 167-сі студенттер, 57-і жас мамандар. Жалпы үміткерлер арасынан 180 тыңдаушы таңдалды. Олар сыни ойлау және кибер кеңістіктегі ақпаратты талдау дағдыларын жетілдіру бойынша тренингтар топтамасына қатысуға мүмкіндік алды.

Үш апта ішінде жастар киберқауіпсіздік және коммуникация саласындағы жетекші сарапшылардың курстарынан өтеді. Жоба нәтижелері бойынша қатысушылар арасында медиа сауаттылық бойынша чемпионат өткізу жоспарланған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109