3706

Елорданың мектебінде Абайдың 175 жылдығына арналған әдеми-танымдық кеш өтті

Нұр-Сұлтан қаласы №38 мектеп – лицейінде білім ордасының құрылғанына 20 жыл толуы қарсаңында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың бас ақыны, кемеңгер ойшылы, ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Еркін елдің ер қызы» атты тақырыпта танымдық-тағылымдық мәні зор кездесу кеші өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кештің қадірлі қонағы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қалалық, республикалық ақындар мүшәйрасының жеңімпазы, Абайтану ғылыми-танымдық орталығының директоры, Абайтанушы - Алмахан Мұхаметқалиқызы болды.

Кеш қонақтары ақынның балалық шағына саяхаттап, ақындық өнерге келу жолымен таныс болды.  

Айта кетерлігі, ақынның «Жансая» (Семей, 1999 ж.), «Тылсым сыры» (2002 ж.), «Жыр-ғұмыр» (Семей: Тенгри, 2006 ж.) атты өлең жинақтары, сонымен қатар «Шәкәрім», «Қан мен тек», «Құрсақсыз ана» поэмалары ел арасында кеңінен танымал.

Әдеби танымдық кеште оқушылар ақынның шығармашылығымен танысып, оның өлеңдерін оқыды.

Алмахан Мұхаметқалиқызы Абай шығармашылығын насихаттап жүргендердің бірі. Саналы ғұмырының 18 жылын Семейдегі Абай мұражайында қызмет етуге арнаған жан.

«Абай  есімі тек әдебиетке ғана қатысты емес, Абай арқылы жаратылыстану, математика, химия, физика  пәндерін де оқытуға болады»,  -  деді ол оқушылармен кездесуінде.

Әдеби-танымдық кеште Ұлы ақын Абайдың «Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы», «Ойға түстім, ой салдым», «Қалың елім , қазағым, қайран жұртым» және т.б. өлеңдері оқылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109