3019

Нұр-Сұлтандағы қалалық жәрмеңкелерде 150-ден астам кәсіпкерлер өз тауарларын ұсынуда

Нұр-Сұлтан қаласындағы азық-түлік бағасын бақылаудағы тиімді шара қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізу болып табылады, деп хабардайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жыл сайын өңірлік ауылшаруашылық жәрмеңкелерімен қатар қалалық жәрмеңкелер де ұйымдастырылады.

Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Жанар Бескемпірованың айтуынша, қалалық жәрмеңкелер адымдық қашықтықта және жақын маңайдағы дүкендерге бәсекелестік тудыра отырып ұйымдастырылған.

«Жәрмеңке алаңдары қаланың барлық аудандарында бар: «Нова сити» ТК, «Жағалау» ТК, «Қазақстан» СК, Сауран көшесі, 7 үй,   Қосшығұлұлы көшесі 14, Петров көшесі, 1, Жеңіс даңғылы 25 мекен-жайы бойынша өтіп тұрады. Жәрмеңкелерге елорданың 150-ден астам кәсіпкері мен бақташы қатысады.  Сауда орындары тегін ұсынылады», - деді Ж. Бескемпірова.

Жәрмеңкеге қатысу үшін әлеуметтік аз қамтылған тобынан, көпбалалы отбасылар жән барлық елордалық кәсіпкерлер тартылады. 

Жыл басынан бері елордада 30-дан астам қалалық жәрмеңке өтіп, 3 мың тонна өнім сатылды. Ондағы тауар бағасы базардағы бағадан 5-10% арзан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109