3630

Елордада жолақы төлеудің жаңа әдісі қолданылмақ

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жолаушылары жолақысын биометриялық жүйе көмегімен төлей алады. 

«IPay» ЖШС құрылтайшысы Алмас Айменов «Қоғамдық көлік: төңкеріс және оның шешу жолдары» атты конференцияда Face Pay жүйесін таныстырды. 

Face Pay – адамның бет-әлпетін тану арқылы сан алуан міндеттерді шеше алатын биометриялық мәліметтер арқылы басқару жүйесі.

«Бұл бет-әлпет суреті - биометрия көмегімен жасалатын төлем. Telegram-да бот құрдық, сіздер ол жерге өздеріңіздің ЖСН-деріңізді тіркеп, селфи жасап, өзіңіздің автобусқа қолданатын картаңызды қосып, жүйеге кіре аласыз. Одан әрі қарай өзіңіздің мәліметтеріңізді қолдануға рұқсат бересіз. Осыдан соң телефоныңыз немесе төлем картаңыз өзіңізбен бірге болмаса да автобусқа мініп, билет ала аласыз» – деді А. Айменов. 

Оның айтуынша жолаушылардың мәлметтері сенімді қорғалады.

«Біз қауіпсіздік тұрғысынан өлшемдерді көтердік. Біздің жүйеміз 95%-ке дейінгі дәлдікпен тани алады. Егер жүйе 80 проценттен төмен деңгейде танитын болса, онда сол адамнан камераға қайта қарауын сұрайды.  Бұл жүйе жолақысын төлемеген адамды ұстап алу үшін емес, әуел бастан жолаушыларға ыңғайлы болу үшін ойластырылған. 

Қалалық екі автобуста техникалық тестілеу жүйесі басталды (автобус бағыттары бекітілмеген, олар әр уақытта өзгеріп отырады).

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109