2801

Елорданың балалар үйінде тегін оңалту тобы ашылды

«Мамандандырылған балалар үйінде» ерекше күтімді қажет ететін балалар мен олардың ата-аналарына көмек көрсету мақсатында «Ботақан» және «Күнім» оңалту-сауықтыру топтары ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің қатысумен аталған оңалту орталығының ашылу салтанаты өтті.

«Мемлекет басшысының Жолдауында ерекше күтімді қажет ететін және қиын тұрмыстық жағдайында қалған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға ерекше назар аудару туралы айтылған. Біз қалалық әкімдіктің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және «Nur Otan» партиясының қолдауымен бүгін 2 оңалту орталығын ашып отырмыз», - деді Мамандандырылған балалар үйінің директоры Сәуле Кенжебаева.

Орталықта жаңадан ашылған «Күнім» тобына сал ауруы, Даун синдромы және тағы да басқа аурулар анықталған балалар қабылданады. Оларға реабилитолог, невропатолог, педиатр, логопед және психолог мамандары көмек көрсетеді. Сонымен қатар бассейн бар. Ал «Ботақан» дені сау, бірақ түрлі қиын жағдайларға тап болған балалар үшін ашылды.
Айта кетейік, оңалту-сауықтыру орталықтарына 1 жастан 4 жасқа дейінгі балаларға тегін қызмет көрсетіледі. Әр топқа 15 бүлдіршін қабылданады.

«Баласын жалғыз тәрбиелеп жатқан әкелер, көп балалы аналар бар. Біз балалар үйінің қызметкерлері ретінде осындай жандарға көмектескіміз келеді», - деді Кенжебаева.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109