2229

Елордада үш аусымды мектептер азаяды

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс күні басталғанға дейін екі мектептің құрылыс барысымен танысты.

ҚР Президенті елорданы дамыту жөнінде өткен кеңесте орын жетіспеушілігін болдырмау мақсатында  мектеп құрылыстарына жеке серіктестерді белсенді түрде тартудың маңыздылығын атап көрсеткен болатын. 

Сауран және №24 көшелерінің қиылысында салынып жатқан білім ордасы 1200 орынға есептелген. Бұл жаңа мектеп салынған соң №84 және №85 мектептерде үш аусымды оқудың жүктемесін азайтады. Мектеп құрылысын салушының айтуынша мұнда инженерлік желілер тартылып, төбесі жабылған, ал келесі жылы әрлеу жұмыстарына кіріспек.

Ал екінші барған мектеп Ұлы дала және № 39 көшелерінің қиылысында салынып жатыр. Бұл оқу ғимараты да 1200 орынға есептелеген яғни №59 бен №76 мектептің жүктемесін азайтады. Қазір мұнда тек қадалары ғана қағылып тұр. Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылыс қарқынын күшейту қажеттігін айтты. Екі мектептің де құрылысын келер жылы аяқтау жоспарланып отыр. 

2020 жылы 9500 оқушылық орынға арналған 12 мектеп құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.  Инвестиция жөніндегі қалалық кеңестің отырысында 16 мың орындық (оның ішінде 3 мың мектепке дейінгі орын) 18 жеке мектептің құрылысына қолдау білдірілді. Инвестиция көлемі 50 млрд.теңгеден асады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109