2900

МӘМС жүйесіне 1 млн-нан астам астаналық тіркелді

Нұр-Сұлтанда бүгінгі күні 1 млн 139 мың 564 адам тұрады. Оның 1 млн-нан астам Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде МӘМС-ті енгізу басталады. Ол бойынша әр адамға мемлекеттік тарапынан кепілдендірілген медициналық көмек қарастырылады. Оны қаржыландыруға 3 жыл бойы 2,8 трлн теңге бағытталатын болады. Ол жобаның мақсаты – медициналық қызметтің сапасын жақсарту мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, МӘМС аясында денсаулық жүйесін дамытуға қосымша 2,8 трлн теңге бөлінеді», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова МӘМС жүйесі бойынша әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің бірнеше себебі бар.

«Бұл алдымен халықаралық тәжірибе. Дамыған елдерде медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігіне мемлекет жауап береді. Қазақстан бүгінде бұл тәжірибені сәтті қолданып жатыр. Сондай-ақ, жыл санап халық саны артуда бұл өз кезегінде медициналық көмекті талап ететін жандардың санының артып келе жатқандығын көрсетеді. Өз кезезінде МӘМС бірнеше медициналық қызметті біріктіреді. Атап айтқанда жедел жәрдем және санитарлық авиация, тіркелген жері бойынша тегін алғашқы медициналық көмек, шұғыл станционарлық көмек және паллиативтік көмек», - деп қосты ол.

Бүгінде елордада халықты МӘМС жүйесімен қамтамасыз ету 94, 6 пайызды құрайды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2019 жылдың 1 қазанындағы көрсеткішіне сәйкес,   мдеициналық мекемелерже 1 млн 139 мың 564 адам тіркелген.

«Әрине біз барлық тұрғындардың тіркеліп, медициналық көмек алғаны маңызды. Дегенмен бізде мемлекеттік медициналық мекемелерге тіркелмей жүрген азаматтарда бар. Өкінішке қарай тіркелмеген азаматтарды біз МӘМС жүйесіне қоса алмаймыз. Қазіргі таңда елордада 13 179 адам тікеуде жоқ», - деді Сәуле Қисықова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109