2775

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес бойынша саммитке 70 мемлекеттің өкілі қатысуда

Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес бойынша саммит өтіп жатыр. Оған 70 мемлекеттен 350-ден астам делегат қатысуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2019 жылғы 15-17 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Қатерлі ісікке қарсы күрес бойынша дүниежүзілік саммит өткізілуде. Саммит ұйымдастырушылары - UICC мен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты.

Аталған саммитке өтіп жатқан саммитке әлемнің 70 елінен 350 астам делегаттар келді. Олардың ішінде денсаулық министрлері, бірінші ханымдар, қала және өнеркәсіп лидерлері, бас жетекшілер мен қатерлі ісік, денсаулық және дамыту сұрақтары бойынша басқа да ықпалды қатысушылар бар.

Басқосу барысында ҚР Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева шет мемлекеттердің бірінші ханымдарымен екіжақты кездесулер өткізді,  онда Қазақстанда қатерлі ісік ауруымен күрес бойынша қабылданған шаралармен бөлісті.

Онкологтар дүниежүзілік саммиті Қазақстанға онкология саласындағы жетістіктермен бөлісіп қана қоймай, екі жылда бір рет өткізілетін 3000 адам қатысатын Дүниежүзілік онкологтар конгресін өткізуге елорданың дайын екендігін көрсетуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта конгресті 2024 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткізу мүмкіндігі қарастырылуда.

Айта кетейік, 2018 жылы Елбасының тапсырысымен 2022 жылға дейін қатерлі ісік ауруларына қарсы күрес бойынша кешенді жоспар бекітілді. Бұл тапсырма аясында астанада қатерлі ісік ауруларын диагностикалаудың және емдеудің алдыңғы қатарлы технологияларын енгізетін Ұлттық онкология орталығы құрылысы басталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109