1641

Алимент төлеуден жалтарған елордалықтардан қалай өндіріледі

Елорда әкімдігінде проблемалы алимент санын азайту, алиментін қасақана төлемейтіндерді анықтау және мәліметтер дерекқорын жаңарту мәселелерін талқылады. Қалалық әкімшілік, Әділет министрлігі, республикалық жеке сот орындаушылар палатасы бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Жиналыста елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды жеке қабылдау кезінде көтерілетін ең өзекті сұрақтардың бірі осы алименттік төлемге қатысты екенін атап көрсетті.

«Азаматтарды қабылдау кезінде әр түрлі себептермен балаларын жалғыз тәрбиелеп жүрген әйелдер жұбайлары тарапынан ешқандай көмек алмайтынын айтады. Көп жағдайда тұрғындардың әлеуметтік осал тобына жататындар келіп мәселесін айтып, көмек сұрайды. Жауапкершілікті сезінбейтін әкелер алимент төлемейді, тіпті өз балаларының жағдайын да білуге тырыспайды. Жауапкершілік болуы тиіс. Адамның өзіне, балаларына және отбасына деген жауапкершілік болу керек. Мұны барлығы түсіну қажет, жағдайды түбірінен жөнге келтіру керек,-деді А.Көлгінов.
Елордада 1700-ден астам адам (3800 – проблемалы) алиментін төлемей жүр, 790-ына іздеу жарияланды. Төленбеген алимент сомасы 400 млн-ға жуық теңгені құрайды. Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша борышкерлер табыстарын жасырып, әдейі төмендетіп көрсетеді, тұрақты жұмыс орындары жоқ, «қасақана алимент төлемейтіндерге жазаны күшейту керек.

Осылайша іс-қимыл жоспарына сәйкес алимент төлеуден жалтарғандарды анықтауда, қарыздарын өндіруде және де мәліметтер дерекқорын біріктіруде мемлекеттік органдар бір-біріне көмектесетін болады. Бірінші кезекте мемлекеттік органдар алиментін төлей алмай жүргендерді жұмысқа орналастыруды қолға алады. Сондай-ақ, іс-қимыл жоспарында борышкерлерді іздестіруде жұмылдыру, қарызын өтегенге дейін жүргізуші куәлігінен айырып, мүлкін алып қою қарастырылып отыр. Аталған жиынға прокуратура, полиция, сот, әділет министрлігі, республикалық және аумақтық жеке сот орындаушылар палатасы, әкімдік басқармалары сынды мүдделі тараптардың барлығы қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109