3715

Алдағы демалысты елордада қайда өткізуге болады?

Алдағы демалыс күндері елорда тұрғындары мен қонақтарына арналып түрлі бағыттағы мәдени-бұқаралық шаралар әзірленып жатыр. Апта соңында астаналықтар балет, футбол мен аралас жекпе-жек түрлерінен халықаралық турнирді тамашалап қайта алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін 18 қазанда «Астана Опера» опера және балет театрында «Лебидиное озеро» балеті қойылады. Екі актіден тұратын қойылым сағат 19.00-де басталады. билет бағасы 500 теңгеден бастап.

Осы күні  Aura club Alanya  «Запах женщины моей», «Выпуская дым» хит әндерінің орындаушысы Slavik Pogosov, Akila және Адлер Коцбаның қатысуымен сауықтық кеші өтеді. Концерт сағат 21.00-де басталады. Кіру ақысы - 5000 теңге.

19 қазанда елордалық «Жекпе-жек» сарайында  Нұр-Сұлтан қаласында M1- Challenge105 #СЕНІҢЖАҢАҚЫРЫҢ KAZMMA-да атты аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді. Туринир шеңберінде қазақстандық спортшылардың қатысуымен екі бірдей титулдық кездесу өтеді.

Кештің басты айқасында жеңіл салмақтағы M-1 Challenge-нің қазіргі чемпионы Сергей Морозов  (Қазақстан), 15-4, өзінің белбеуін қорғайды. Оның қарсыласы рейджде осыған дейін жеңіліп көрмеген Джоша Реттингхаус (АҚШ) болмақ. Еске сала кетейік, 2016 жылдың желтоқсанында M-1 Global туриниріне Сергей Морозов  жаңа келіп, M-1 Challengе-де екінші жекпе-жегін өткізген американдық спортшы Джош Реттингхауспен алғаш рет кездескен болатын.  Екінші титулдық кездесу қазақстандық Арман Әшімов пен канадалық Крис Келадес арасында болады. Бәске Келадеске тиесілі титулдық белбеу қойылған.

Турнир бағдарламасында көрермендер әртүрлі елдерден келген спортшылардың қатсуымен 12 жекпе-жекті тамашалай алады. Жекпе-жек сағат 16.00-де басталады және келушілер үшін тегін. 

Сенбі күні «Астана» концерт залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі және «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Береке бірлігіңде, Елім» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Басталуы сағат 15.00-де.

Сол күні кешкісін Конгресс орталықта елорда тұрғындары мен қонақтарына «Песни» телевизиялық шоуының қатысушылары өнер көрсетеді. Ұйымдастырушылар сапалы ән мен авторлық туындылар болады деп уәде беріп отыр.  Көрермендердің алдында Say Mo, Slame, S, AMCHI, Боронина, Анет Сай, ARS-N, TRITIA ән салады. Концерт 19.00-де басталады, билет бағасы 7000 теңге.

Жексенбі, 20 қазанда «Астана Арена» стадионында елдің екі мықты клубы елордалық «Астана» мен алматылық «Қайрат» кездеседі. Айта кету керек, 10 жасқа дейінгі балаларға, зейнеткерлер мен оларға теңестірілгендерге кіру тегін, алайда отыратын орын ұсынылмайды. Ойын сағат 20.00-де басталады. Билет 500 теңгеден бастап сатылады.

19-20 қазан күндері елордада Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге екі облыстың тауар өндірушілері 1220 тонна өнім әкеледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109