4722

Елордадағы «Өндіріс» және «Кирпичный» тұрғын алаптарында абаттандыру жүргізіледі

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Өндіріс» және «Кирпичный» тұрғын алаптарында   үш саябақ салынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тұрғын алаптарында салынатын жаңа саябақтар туралы Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Рамиль Досмағамбетов хабарлады.

«Келер жылы Қоршаған ортаны қорғау басқармасымен бірлесе тұрғын алабы аумақтарында үш саябақтың құрылысын жоспарладық. Бұл аумақтар концерттік бағдарламалар ұйымдастырылатын және тұрғындар демалатын қолайлы орынға айналады», - деді ол.

Оның айтуынша саябақтың бірі «Өндіріс» тұрғын үй алабында, екінші учаске Тайбурыл көшесінің бойында болады.

«Бұған қоса, «Кирпичный» тұрғын алабында жаңадан саябақ ашылмақ. Бұл нысандарға Қоршаған ортаны қорғау басқармасы тапсырыс беріп отыр. Аудан әкімдігі ретінде тұрғындар ұсыныстарын ескере отырып, қолайлы жағдай жасалуы үшін бұл мәселені тыңғылықты пысықтаймыз», - деді   Досмағамбетов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109