5392

А. Көлгінов отандық лифтілердің сапасын бағалады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Ақмола облысының Қосшы ауылында орналасқан "AUXE" (Schneider Lift &Escalator) лифт құрылысы зауытында болды. Компания лифтілер, эскалаторлар мен траволаторлар шығарады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында "қарапайым заттардың экономикасын" дамыту қажеттілігі туралы атап өтті.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық өндіріс тауарларының көлемін арттыруды тапсырды.

Фирманың бас директоры Нариман Хабибтің айтуынша, лифт құрылысы зауыты жылына 1000 лифт, 200 эскалатор жасап шығарады. Жыл басынан бері компания 200 лифт шығарды. Отандық компанияның лифтілері Экспо нысандарында , "көркем Астана" базарында, сауда орталықтарында, тұрғын үй кешендерінде, теміржол вокзалдарында, сондай-ақ Қазақстанның басқа да қалаларында орнатылған.

Тұрғын үй кешендерін, білім беру мен денсаулық сақтау нысандарын аралау барысында елорда әкімі құрылыс кезінде қазақстандық өндіріс материалдарын пайдалану қажеттігін, сонымен қатар отандық өндірушілерді қолдау қажеттігін атап өтуде. Өткен жылы елордада 500-ден астам лифт орнатылса, осы был 457 лифт орнатылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109