2619

Елорда әкімі өңірлерге ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысқаны үшін алғыс білдірді

Нұр-Сұлтан қаласындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының әкімдері келді. Жалпы алғанда өңірлер елордаға 1200 тоннадан астам өнім әкелді.

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, СҚО өнімдері таза әрі табиғи. Тауар бағасы 20%-ға төмен. Сондықтан да СҚО өнімдерін сатып алушылардың саны көп. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Солтүстік Қазақстан облысы жақсы өнім жинап, еліміздің көптеген облыстарына өнім экспорттауда.

Ақмола облысының әкімі Ермек
Маржикпаев атап өткендей, еттің әрбір 3-ші кг, сүттің 3-ші литрін, жұмыртқаның 90%, құс етінің 60% елордаға біздің облыс жеткізуде".

Елордалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне еліміздің 14 өңірі қатысты.

"Біз бірінші жәрмеңкелерді Елорда күні өткізе бастадық. Содан кейін тұрақты негізде әр сенбі мен жексенбі өткіздік. Біздің әріптестерімізге, басшыларға, облыс әкімдеріне және барлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге алғысымды білдіремін. Бүгін жәрмеңке аяқталуда. Алдағы уақытта осындай жәрмеңкелер мерекелерде өткізіледі. 1 желтоқсан, 16 желтоқсан және жаңа жылдық мерекелер уақытында өткізілетін болады. Ең бастысы - тұрғындарды қолжетімді бағамен азық-түлікпен қамту", - деді А. Көлгінов.

30 жәрмеңке өткізіліп, 7 мың тоннадан астам өнімдер сатылды: 700 тоннадан астам ет, 300 тонна сүт өнімдері, 2,5 мың тонна көкөніс және т.б. Баға базар бағасынан 10-20% төмен.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109