3404

Елорда әкімімен болған кездесуден кейін жатақханада тұрып жатқан мұғалімдер үшін аренда құны төмендетіледі

Қала әкімі А. Көлгінов жаңадан салынған жатақханаларда мұғалімдердің қалай өмір сүретінімен және білім беру нысандарының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Кешкілік аралау кезінде елорда әкімі № 40, № 8 және № 60 мектептерге барды. Олардың аумағында жаңа білім нысандары болады. Мектептерде салынып жатқан жаңа ғимараттар үш ауысымды оқытудан екі ауысымды оқытуға көшуге мүмкіндік береді. Мектептердің шамадан тыс жүктемесін жеңілдетеді және жаңа оқушы орындарымен қамтиды. Тапсыру мерзімі-2020 жыл.

Сондай-ақ, қала әкімі жаңа жатақханада тұратын ұстаздармен кездесті. Жас мұғалімдердің өмір сүруіне арналған ыңғайлы орталық биылғы жылдың күзінде ашылды, 350 орынға есептелген. Орталықта шахмат, үстел теннисі, кітапхана, асхана және оқу сыныптары бар. Кездесу барысында мұғалімдер елорда әкімінен 17 мың теңгені құрайтын жалдау құнын төмендетуді сұрады. Алтай Көлгінов бұл идеяны қолдады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109