3075

Нұр-Сұлтанда 8 мобильді жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»  мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Жұмыспен қамту орталығы қысқа уақыт ішінде елордадағы жұмыссыз азаматтарды нарықтағы қажетті мамандықтарға оқыту курстарын ұйымдастырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Оқу курстары 18 мамандық бойынша қаладағы 11 оқу орнында өтеді.  Биылғы  жоспарға сәйкес, 913 азаматты оқыту көзделуде.  Осы уақытқа дейін олардың 742-і қамтылып, оның 346-сы оқуын аяқтап, 129-ы жұмысқа орналасқан.

Жоспарға енгізілген түзетуге сәйкес, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оқыту курсына тағы 450 адамды қосу көзделіп отыр. Бұл тұрғыда ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, бағдарлама қатысушыларына 220 адам енгізілді. Олар енді 21-22 қазанда оқуға кіріседі. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының мәліметіне сәйкес, «Атамекен қолдау орталығы» мобилді жұмыспен қамту орталықтарында1400 азамат кеңес алып, олардың 350-і Жұмыспен қамту орталығына жүгінген.

Айта кетейік, «Атамекен қолдау орталығы» мобильді жұмыспен қамту орталықтары адам көп жиналатын жерлерде, базарлар мен вокзалдар жанында, қозғалысы көп көшелерде, халық көп шоғырланған аудандарда орналасқан. Мобильді жұмыспен қамту орталықтары азаматтардың өтініш беру мүмкіндігін жеңілдетуге және жұмысқа орналасқан адамдардың санын арттыруға мүмкіндік берді.

Бүгінгі күні елордада 8 мобильді жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді. Олар: теміржол вокзалының  жанында;  «Тұлпар» сауда орталығы; «Встреча» сауда орталығы; «Сапар» базары; «Ұлжан» базары; «Эталон» құрылыс базары; Промышленный кенті; «Азия парк» СОО жанында орналасқан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109